Кітапхана тарихы
1928 жылы 3 кыркүйегі – Жуалы ауданының құрылған күні болып саналады. Ең алғашқы кітапхана аудандағы МТС қарамағында 1932 жылы ашылды. Оның кітап қоры бар жоғы 3400 кітап, оқырман саны 417, оларға жыл ішінде 5000 дана кітап таратылды.
1946 жылы бұл кітапхана аудандық орталық кітапхана болып құрылды. Сондай-ақ 1946 жылға дейін кәсіподақтар ұйымдарына қарайтын 7 кітапхана ашылды. Ал 1950 жылдары аудандағы кітапханалар саны 15-ке, оның ішінде 6 колхоздық, 8 кәсіподақтық, 1 аудандық кітапханаға жетті.
1960 жылы аудандық балалар кітапханасы, әр ауылда ауылдық кітапханалар ашыла бастады. Оларда жұмыс істеген кітапханашыларының 3-нің ғана арнаулы білімі бар еді. 1973 жылы аудандағы кітапханалар саны 43-ке жетті.
Бүгінде ауданда 25 кітапхана жұмыс істейді. Кітап қоры 297679 дана, оның ішіндегі мемлекеттік тіліндегі 167176 дана әдебиеттер. Кітапханаларда 62 қызметкер жұмыс атқарады, соның ішінде 55 жоғары, 7 орта арнаулы білімі бар кітапханашылар еңбек етуде.