Директор



Асилбеков  Қайсар  Құлжанұлы  1981  жылы, 30 желтоқсанда, Жамбыл  облысы, Жуалы ауданы, Диқан  ауылында  дүниеге келген.Ұлты қазақ.

1987  жылы  №2 Мыңбұлақ  орта  мектебінің  1-сынып  табалдырығын  аттап,  1999  жылы  аталған  мектептің  11- сыныбын  аяқтаған.

2001  жылы  Абай  атындағы  Жамбыл  гуманитарлық  педагогикалық  колледжінің  «Домбыра  аспабы»  мамандығы  бойынша  оқуға  түскен.

2005  жылы  аталған  оқу  орнын  бітіріп, осы  жылы  Жуалы  аудандық  «Халық  шығармашылық  мәдени  демалыс»  орталығына  жұмысқа  қабылданды.

2005  жылы  Тараз  педагогикалық  институтына  «Музыкалық  мамандығы» бойынша  оқуға  түсіп , 2008 жылы аталған оқуды бітіріп шыққан.

2008  жылы  «Қызғалдақ»  ән-би  ансамбльінің  жетекшісі  болып  жұмыс  жасаған.

2008  жылдан  бастап, №27 Диқан  орта  мектебінде  музыка  пәнінің  мұғалімі  болып  қызмет  атқарған.

2010-2013  жылы  «Халық  шығармашылық  мәдени  демалыс»  орталығында  көркемдік  жетекші  қызметін  атқарған.

2013  жылдан  бастап  «Аула  клубы» КММ  қызмет  жасаған.

2017  жылдан  бастап  «Аула  клубы» КММ  «Көңілді  ноталар»  үйірмесінің  бөлім  меңгерушісі  қызметін  атқарған.

2018  жылдан  бастап  «Халық  шығармашылығы   және  мәдени  демалыс»  орталығының  директор  қызметін  атқарған.

2023 жылдан бастап Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры болып жумыс атқарып келеді.