Құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімі



Құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімі орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша кітап қорын толықтыру және өңдеу қызметін атқарады.
Бөлімнің ең басты міндеті мен атқаратын қызметі түрлі білім салаларын тұтас қамтитын басылымдар түрін жинақтау, аудан бойынша 25 кітапхананың кітап қорын олардың сұраныстарына қарай толықтыру, аудандық кітапханаларға, әр ауылдық кітапхана санына қарай жаңа түскен әдебиеттерді бөлу, сапалы кітапхана қорын қалыптастыру.

Құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімі кітапхананың барлық қорын бейнелейтін бас алфавиттік каталогтың жұмысын жүргізеді.

Кітапханалық РАБИС бағдарламасының «каталогизатор» модулі бойынша кітаптарға библиографиялық сипаттама жазып, дерекқорға жаңа түскен әдебиеттерді енгізеді.

Каталогты жаңа түскен әдебиеттер туралы ақпаратпен толықтырып және кітап қорынан әдебиеттерді шығарып отырады.

Жаңадан түскен әдебиеттерді ғылыми-техникалық өңдеуден өткізу – ұлттық стандарттау мен кітапханалық ережелерге сәйкес құжатты индекстеу және библиографиялық сипаттама жазумен айналысады.
Мерзімді және ғылыми-ақпараттық басылымдарға жазылуды ұйымдастырады.

Кітапхана қорын қалыптастыруда интернет ресурстерінің мүмкіндіктерін қолданады. Әдебиеттерді іріктеуде «Алматыкітап», «Атамұра», «Мазмұндама» т.б. баспалардың сайттары, «Эрудит», «Кітап» кітап дүкендерінің прайс парақшалары және сұраныстар жолымен басқа да басылымдар көздерін пайдаланады.

Құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің меңгерушісі:

Сейдалиева Жанерке Арапқызы

Кітапханашылар: Лепесханова Зоя Демеевна, Бахтиярова Мөлдір Бекмаханбетқызы