«Оқуға құштар жүректер» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ



«Оқуға құштар жүректер» облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында 2025 жылдың наурыз -сәуір айлары аралығында балалар мен жасөспірімдер арасында «Оқуға құштар жүректер» облыстық байқауы ұйымдастырылады.

Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері: Сапарғали Бегалин -130 жыл, Өтебай Тұрманжанов – 120 жыл және Сансызбай Сарғасқаев – 100 жыл, Асқаржан Сәрсек – 75 жылдығына арналған шығармашылық байқау Жамбыл облысы аймағында өтеді.

 

1.Байқаудың мақсаты

– Қазақ  балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармакшылық мұрасын насихаттау;

– Балалар мен жасөспірімдерді ұлттық рухани құндылықтарға баулу және отансүйгіштік сезімін нығайту;

– Қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан жазушылардың еңбектерін таныту;

– Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету;

– Тіл байлығын арттыру және әдеби көркем шығармаларды оқуға ынталандыру;

– Кітапханаға бетбұрыс жасау.

 

2.Байқаудың талаптары мен шарттары

Байқау екі кезеңнен тұрады

Бірінші кезең: аудандық іріктеу – 2025 жылдың 24-28 ақпан аралығы

-Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен аудандық орталықтандырылған  кітапханасының қызметкерлерінің қатысуымен өтеді.

-Байқауға аудандық, ауылдық балалар кітапханаларының оқырманы болып табылатын 9-15 жастағы балалар мен жасөспірімдер қатысады.

-Үздік деп танылған 1 (бір) үміткер облыстық кезеңге жолдама алады.

Екінші кезең: облыстық іріктеу -2025 жылдың 2 сәуір күні

-Байқау бірінші кезеңнен іріктелген үміткерлер арасында өтеді.

-Марапаттау рәсімі

Байқауға қатысушылар төмендегі талаптар бойынша сайысқа түседі:

Әр үміткер міндетті түрде Сапарғали Бегалин, Өтебай Тұрманжанов, Сансызбай Сарғасқаев, Асқаржан Сәрсектің шығармаларын орындауы тиіс.

  • «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» сайыскердің өзін-өзі таныстыруы (3 мин).
  • «Балалар әдебиетінің көрнекті ақыны мен жазушысы» ақынның өлеңін және жазушының прозасынан (монолог, сахналық көрініст.б) үзінді оқу (3мин)
  • «Портрет галереясы» портреттегі бейненің кім екеніе табу (3 мин).
  • «Әдеби бәйге» қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру.

Сарапшылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде оқырманның шығарманы таңдау талғамына, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, жан-жақты білімділігіне, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеттілігіне назар аударатын болады

 

3.Жеңімпаздарды анықтау

Байқауды сарапшылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздар анықталып, олар арнайы сыйлықтармен  және дипломдармен мрапатталады.

Бас жүлде

1 орын

2 орын

3 орын

Ынталандыру

 

Байқауға қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

-Қатысушының аты – жөні, туу туралы куәлік, шығармашылық мінездеме;

-3х4 см көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреті;

-Байланыс телефондары.

Барлық құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Тараз қаласы, Қонаев көшесі №4, Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

Байланыс телефоны: 8(7262) 45-88-44, 8 705 816 61 61(Ауғанбаева Бақыт)

Электронды пошта: odub_taraz@mail.ru

 

4.Байқауды ұйымдастырушылар

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.