«Отбасы – алтын діңгек» отбасылық байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ
«Отбасы – алтын діңгек»
отбасылық байқауын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ереже:
- Аталған ереже «Отбасы – алтын діңгек» тақырыбындағы облыстық отбасылық байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.
- Байқаудың ұйымдаструшысы:
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
2.Байқаудың мақсаты:
2.1.Отбасылық құндылықтарды насихаттау;
2.2.Әр қазақстандық отбасының патриоттық сезімін қалыптастыру;
2.3.Ұлттық салт-дәстүрлепрді сақтауға ықпал ету;
2.4.Өскелең ұрпаққа рухани және эстетикалық тәрбие беру;
2.5.Аталған байқауды өткізу арқылы отбасы мүшелерін кітап оқуға баулу;
3.Байқаудың шарттары:
3.1.Аталған ережеге сәйкес байқау ең алдымен аудандық отбасылардың арасында өткізіледі, үздік деп танылған отбасы іріктеліп алынып, облысқа жіберіледі
3.2.Байқауға отбасылық командалар қатысады; (қатысушы саны 4 адам болуы керек, яғни әкесі, анасы, 2 баласы)
3.3.Қатысушылардың ұлты мен жас ерекшеліктеріне шек қойылмайды;
3.4.Байқау 4 кезең бойынша өтеді;
3.5.Байқаудың қорытындысы 2024 жылдың 13 қыркүйегінде (Тараз қаласында) өтеді;
Ескерту: байқаудың өтетін орны мен уақыты алдын-ала айтылады
4.Байқаудың кезеңдері:
4.1. «Отбасындағы бір күн» үздік бейнеролик (отбасы мүшелерімен таныстыру, атқаратын қызметі, кітапханаға қаншалықты және кіммен баратындықтары, қандай жанрдағы кітаптарды оқыйтындықтары туралы айту)
4.2. «Білгенге маржан» сұрақ-жауап сайысы.Бұл кезең отбасы мүшелерінің құрамына байланысты пункттерге бөлінеді.
1) «Әке көрген оқ жанар» (әкеге сұрақтар қойылады)
2) «Ана – үйдің берексі» (анаға сұрақ қойылады)
3) «Бала тілі- бал» (балаға сұрақтар қойылады)
4.3. «Дәм-думан» тағамдар сайысы
4.4. «Өнерлінің өрісі кең» отбасылар өнері: (мәнерлеп оқу, ән, би, сахналық қойылым, пародия, сән көрсетілімі)
Ескерту: қатысушылар аталған өнер түрлерінің тек біреуі бойынша ғана өнер көрсете алады.
5.Аудандық байқаудан іріктелген отбасылардан өтініштерді қабылдау
5.1.Өтініштер 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады;
5.2.Өтініш үлгісі:
-Жанұя мүшелерінің аты-жөні;
-Жас мөлшері;
-Оқу орны мен жұмыс орны;
-Байланыс телефондары;
6.Жеңімпаздарды марапаттау:
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік деп таныған отбасылар анықталады. (Бас жүлде, 1 орын, 2 орын, 3 орын) жүлделі орындар беріліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады. Қалған отбасылар арасынан «Белсенді отбасы», «Білімді отбасы», «Дәстүрге берік отбасы», Үлгілі отбасы», «Шебер отбасы» номинациялары таңдалып, ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Байланыс тел.:43-18-31
e-mail: odub_taraz@mail.ru
7.Күтілетін нәтиже:
Озық отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, салт-дәстүрді ерекше ұстанатын, отбасы мүшелеріне (ұл-қыздарына) ата-баба дәстүрін мұра етіп келе жатқан жанұяларды анықтау.Жас ұрпаққа отбасының және отбасы мүшелерінің қоғамда алатын рөлі жайлы түсіндіру. Отбасымен оқитын оқырмандар санын арттыру.