«ҮШ АРЫС, ҮШ БӘЙТЕРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ



Алып тұлғалы үш бәйтерек – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына орай

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелері
    • Ереже аудан тұрғындары арасында (14-21 және 22-35 жас аралығында) халқымыздың біртуар азаматтары, қайсар Алаш ұлдары, қатар жайқалып өскен алып тұлғалы үш бәйтерегі – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына орай өтетін «Үш Арыс, Үш Бәйтерек» облыстық шығармашылық байқауының шарттары мен тәртібін анықтайды.
    • Байқау Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2024 жылы 1 шілде – 30 қыркүйек аралығында өтеді.

 

  1. Байқаудың мақсаттары

2.1 Байқау мақсаттары: халықтың кітап оқу белсендігін арттыру мақсатына бағытталған «ОҚИТЫН ҰЛТ»  республикалық жобасы шеңберінде оқырман мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар жастардың зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау, өңір тұрғындары арасында туған елге деген ықылас пен махаббатты арттыру, жастарды сұлулыққа сүйсінуге , талғампаздыққа, отансүйгіштікке , елін жерін, тілін құрметтей білуге, еңбекқорлыққа баулу, патриоттық сезімді бойларына сіңіру;

– ұлтымыздың үш бәйтерегі атанған Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды өнер қоғам қайраткерлері болған арыстай ер азаматтардың, ақын-жазушылардың  шығармаларын насихаттау, оларды оқып үйренуге баулу;

– жас оқырмандардың шығармашылық ойлауын дамыту және ойлы жазу шеңберлігін шыңдау, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту;

– ұлағатты адамдардың өмірі мен шығармашылық жолын зерделеуге жұмылдыру, дүниетанымын кеңейтуге баулу.

 

 

 

  1. Байқауға қатысушылар

3.1  Байқауға 14-21 және 22-35 жас аралығындағы үміткерлер – кітапхана оқырмандары  қатыса алады.

  1. Байқаудың кезеңдері мен шарттары

4.1 Байқау кезеңдері:

Байқау екі кезеңде өтеді:

I-ші кезең – аудандық кезеңі 2024 жылғы 01 шілде – 01 қыркүйек аралығында өтеді, аудандық кезеңнен озып шыққан жеңімпаздар облыстық кезеңге өтіп, бақ сынасады;

II-ші кезең – облыстық кезең, 2024 жылғы қыркүйек айының 01 мен 30 аралығында өтеді;

4.2 Байқау шарттары:

Байқау 4 шарттан тұрады:

I-ші шарт – «Алаштың Үш Арысы» – мәңерлеп жатқа бір өлең оқу (үміткердің өз таңдауы бойыншы).

Бағалау критерийлері – мәнерлілік, орындау кезінде шығарманы түсіну, автордың ойын жеткізе білу, дауысы, ырғағы, эмоциялар мен қимылдарының үйлесімі.

    II-ші шарт – «Үш бәйтерек – үш ғұмыр» – Эссе жазбасы. Жазба Word форматында : интервал 1,0; Times New Roman шрифті, 14пт. Көлемі – 2 бет.

Бағалау критерийлері:  байқау тақырыбына сәйкес келуі, иағыналық тұтастық, ой байланысы, мазмұндаудың жүйелігі.

    III-ші шарт: әлеуметтік желілерге bainerils жариялау: үміткер желідегі өз парақшасына 2024 жылдың 01 шілдесіне дейін ұзақтығы 2-3 минуттық  bainerils (бейнеролик) жариялау керек. Жарияланған роликтың 2024 жылдың 01 тамызға дейінгі жиналған қаралым, лүпіл мен пікір сандары есепке алынады.

Бағалау критерийлері: bainerils мазмұны, ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерінің ұтымды қолданылуы, қызығушылық тудыруы, жиналған қаралым, лүпіл мен пікір саны.

 IV-ші шарт – Таңымдық шарт: үміткердің танымдық қабілетін бағалау. (Үш бәйтеректің  өмірі мен шығармашылығын үміткер қаншалықты зерделегені, толық ақпарат білуі қазылар алқасының ауызша сұрақтарына жауап беру арқылы анықталады.)

4.3 Аудандық кезеңнің іріктеуінен өткен Байқау үміткерлері эссе жазбаларын 2024 жылғы 10 қыркүйегіне дейін Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына тікелей келіп өткізеді, немесе шығармаларының электронды нұсқаларын кітапхананың ounb_ualihanova@mail.ru  электронды поштасына жібереді.

        Шығармалар 2024 жылдың 10-шы қыркүйегіне дейін ғана қабылданады.