«Қартын сыйлаған ел озар»

⚜️1 қазан – Халықаралық қарттар күні

⚜️Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Абсалямов, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ө.Қосаров, аналар алқасының төрайымы С.Иманбаева Салтанат, аналар алқасының мүшесі Б.Абдрашованың қатысуымен «Қартын сыйлаған ел озар» тақырыбында әңгіме ұйымдастырды.

⚜️Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.