«Дін – тәрбиенің рухани тірегі»

⚜️📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны: «Зерделі қоғамға бастар жол»
📚 Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты ізгілік сағаты өтті.
⚜️Мақсаты: діннің адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудегі маңызын түсіндіру, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, оқырмандардың бойына имандылық, мейірімділік, сыйластық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
             

«Табиғаттың тамашасын жырға қосқан ақын»

⚜️📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны: «Зерделі қоғамға бастар жол»
📚✨ Ақын Қуандық Шолақовтың туғанына – 85 жыл!
⚜️ Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен ақын Қуандық Шолақовтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Табиғаттың тамашасын жырға қосқан ақын» атты ақын мұрасымен сырласу кеші өтті.
⚜️ Мақсаты: ақынның әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және жас ұрпақтың бойына туған жерге деген сүйіспеншілік пен табиғатты аялау сезімін қалыптастыру.

«Қаламгердің саналы ғұмыры»

📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны: «Зерделі қоғамға бастар жол»
✍️ Ақын-жазушы Баймаханбет Ахмет-70 жаста
⚜️ Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Қаламгердің саналы ғұмыры» атты таным сағаты өткізілді.
📖 Мақсаты: Ақын-жазушы Баймаханбет Ахметтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасын оқырмандарға таныстыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
                    

«Ұлы даланың ұлы ұстазы»

⚜️📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны: «Зерделі қоғамға бастар жол»

⚜️Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсарин туғанына — 180 жыл

📚Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектеп оқушыларының қатысуымен «Ұлы даланың ұлы ұстазы» атты әдеби кеш өтті.

✨Мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның қазақ халқының білім беру саласына қосқан үлесін таныту, оқушыларды білімге, еңбекқорлыққа және адамгершілікке тәрбиелеу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

#ЖуалыОКЖ

«Жыр аққуы»

⚜️ 📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны: «Зерделі қоғамға бастар жол»
⚜️ Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ақын-жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа кеңінен таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
⚜️ Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Шыңбұлақ ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті ақын Марфуға Айтқожинаның 90 жылдық мерейтойына орай «Жыр аққуы» атты мерекелік кеш өткізілді.
✨ Әдеби кештің мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту.
📚 Кеш барысында №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің 2–7-сынып оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары ақын Марфуға Айтқожинаның өлеңдерінен үзінділер оқып, жыр әлеміне саяхат жасады. Ал А. Мамытбек әсем әнімен кештің сәнін келтірсе, «Аяла» би тобы қазақтың ұлттық биін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
📖 Шара аясында «Ғұмырын жырға арнаған» атты әдістемелік құрал, «Жүректен маржан іздеген» атты ақпараттық-жарнамалық флайер және «Жырдың жарық жұлдызы – Марфуға Айтқожина» атты библиографиялық көрсеткіш таныстырылды. Сонымен қатар кітапханашы Э. Құралбаева «Айдын жырдағы аққу жүрек» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды ақынның сырлы да сезімге толы шығармаларымен танысып, кітап оқуға шақырды.
🌷 Кеш соңында кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ш. Каниева қорытынды сөз сөйлеп, шараға қатысқан оқырмандарға алғысын білдірді. Белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды. #Жуалы ОКЖ
                           

«Сайын даланың Сайыны»

📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны: «Зерделі қоғамға бастар жол»
⚜️ Жазушы Сайын Мұратбековке – 90 жыл! ⚜️
📍 Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектептің 5-сынып оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Сайын даланың Сайыны» атты әдеби кеш өткізілді.
🎯 Мақсаты: Жазушы Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
                      

«Туған өлке мен сен туралы жырлаймын»

📚«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны: «Зерделі қоғамға бастар жол»

⚜️Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Туған өлке мен сен туралы жырлаймын» атты жыр кеші өтті.

📖 Мақсаты: туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, туған өлкенің табиғатын, тарихы мен мәдениетін жырлаған ақындардың шығармаларын насихаттау, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын ояту және отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

#ЖуалыОКЖ

 

«Алып тұлға»

📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны: «Зерделі қоғамға бастар жол»
⚜️Жазушы Сайын Мұратбековке – 90 жыл ⚜️
📚 Жуалы ауданы, Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Алып тұлға» атты әдеби шолу өткізілді.
🎯 Мақсаты: Жазушы Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныту, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. #Жуалы ОКЖ
                 

«Өрнекті жырдың иесі»

⚜️ Жазушы Ғабдол Сланов 115 жыл
📍 Жуалы ауданы, Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Өрнекті жырдың иесі» атты әдеби панорама өткізілді.
📖 Мақсаты: Жазушы Ғабдол Слановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасын оқырмандарға таныстыру және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
 

«Кітап – рухани қазына»

⚜️📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны 📚⚜️
📍 Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округі, Кәріқорған ауылдық кітапханасында Т. Әкімов атындағы орта мектептің 5–8-сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап – рухани қазына» атты ашық есік күндері өткізілді.
📖 Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың рухани құндылығын дәріптеу және оқырман мәдениетін қалыптастыру. #Жуалы ОКЖ