1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы Көлбастау ауылдық мәдениет үйінің мамандарымен бірлесіп ауыл қарияларының қатысуымен «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік кеш өтті.
Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.