1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасының қызметкерлері ауыл қариялары Қ.Нұрмаханов, М.Худайбергенованың қатысуымен «Қарттар — елдің қазынасы» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.
