1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы және ауылдық мәдениет үйінің мамандарының ұйымдастыруымен «Қарттарым асыл — қазынам» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.
