«Балалар жүрегінің ақыны”

📍Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2026 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
📍Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасы балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, ұстаз, зерттеуші Әбдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар жүрегінің ақыны” атты әдеби кеш өтті.
📍Кеш барысында жазушының «Қыздың жұмысы» шығармасы негізінде сахналық көрініс қойылды. Одан әрі Ү.Мадиярқызы, Қ.Исмаил, Қ.Калима, А.Бақытжан, М.Айтбек ақынның «Тәтті қыс», «Бәсіре», «Дақылдар әні”, «Атынан айналайын — Тәуелсіздік» өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын жырларының мазмұны мен көркемдік ерекшелігін танытты. №4 Балалар өнер мектебінің өнерпаздары «Шашу» биін билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. А.Шәміл «Менің анама» әні, І.Алпысбай «Ұстазым менің» әнін нақышына келтіре орындады.
📌Кештің келесі бөлімінде оқырмандар кітапханадағы Әдібай Табылды шығармашылығына арналған кітап көрмесіне саяхат жасады. Кітапханашы А.Айтбекова көрмеге қойылған кітаптар мен әдебиеттерді таныстырып, ақынның шығармашылық мұрасы туралы қосымша мәліметтер берді. Оқырмандар ақынның балаларға арналған шығармаларын, өлеңдері мен тәрбиелік мәні жоғары туындыларын тамашалады. Әдеби кештің қорытынды бөлімінде кішкентай өнерпаздар «Алтын күз» биін орындап, мерекелік шараны әсем қимыл-қозғалыспен аяқтады.
📌Кеш соңында белсенді қатысқан өнерпаздар мен оқырмандарға алғыс хаттар табысталды.