Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет – ресурстарының қауіптілігі» атты пікір – сайыс ұйымдастырды.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.