«Шәкен Ниязбеков шығармашылығының қазақ өнеріндегі орны»

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, көрнекті суретші Шәкен Ниязбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Шәкен Ниязбеков шығармашылығының қазақ өнеріндегі орны» атты дөңгелек үстел өтті.

⚜️Мақсаты: Шәкен Ниязбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушыларға ұлттық рәміздеріміздің маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру.

#ЖуалыОКЖ