«Тәуелсіздік – ән жырым»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында Қызыларық ауылының тумасы Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мырзахан Ахметтің 70 жасқа толуына орай №28 Амангелді орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік – ән жырым» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға М.Ахметтің өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.