«Адамның көркі — имандылық»

⚜️18 қазан — Рухани келісім күні

⚜️Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы ауыл тұрғындары және ақ жаулықты аналардың қатысуымен «Адамның көркі — имандылық» атты имандылық сағаты өтті.

⚜️Мақсаты:Оқырмандарға имандылық пен адамгершіліктің мәнін түсіндіру, ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастырып, әдептілік пен ізеттілікті бағалай білуге баулу. #Жуалы ОКЖ