«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны: «Зерделі қоғамға бастар жол»
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты ізгілік сағаты өтті.
Мақсаты: діннің адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудегі маңызын түсіндіру, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, оқырмандардың бойына имандылық, мейірімділік, сыйластық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.