«Ел ағасы – Бақытжан»

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен Ертай ауылының тумасы, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант, ауған соғысының ардагері Бақытжан Ертаевтың 72 жасқа толуына орай «Ел ағасы – Бақытжан» атты ерлік сағаты өтті.
Мақсаты: Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мән-мағынасын түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.