«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»

«Кітап – қазына» жобасы
Жуалы ауданы Теріс, Нұрлыкент ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушы, дарынды драматург Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби сағат өтті. Кешті Теріс ауылдық кітапханасының кітапханашысы М.Баққараева жүргізіп, Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын слайд арқылы таныстырып, Г.Райымбаева прозаларынан үзінді оқыды. №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушылары Б.Қанатбек «Көкшетау» өлеңін, Г.Дүйшебекова «Туған жерім – өз елім» өлеңін, Н.Саматұлы «Бой жазу» өлеңін оқып, №16 С.Сейфуллин орта мектебінің оқушылары Иланбай Ақбота, Жұпарбек Еркеназ «Өзбек» биін мыңбұрала биледі. №5 Михайл Ломоносов атындағы орта мектебінің оқушылары Н.Қуандық, Е.Жайлаубай «Ақсақ киік» өлеңін, Е.Сәуірбай «Еңбекші әлем сүйікті ұлын ұмытпас» өлеңін, К.Мұхит «Тергеген болсаң айтайын» өлеңдерін оқып, Е.Тағамбай «Бауыр керек!» әнін, И.Сыдық «Қазақ елі осындай» әнін нақышына келтіріп орындады. Нұрлыкент ауылдық кітапханасының әдіскері Қ.Қарағұл «Қазақ халқының көрнекті перзенті» атты библиографиялық көрсеткіш, «Қазақтың таң жұлдызы» атты әдістемелік құрал, «Сәкен Сейфуллин – 130 жыл» атты ақпараттық-жарнамалық флайерді таныстырып, Нұрлыкен ауылдық кітапхнасының кітапханашысы А.Бегалиева «Сәкен – сыршыл ақын» атты ауызша журнал және кітап көрмесіне шолу жасады. Іс шараға қатысқан ауыл тұрғындары, кітапхана оқырмандары кітапхана қызметкерлері дайындаған «Сәкен Сейфуллин – 130 жыл» атты кітап инсталляциясын тамашалады.