1 шілде — ДОМБЫРА КҮНІ
Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы — домбыра.
Жуалы аудандық орталық кітапханасы «Табиғат аясындағы оқу залы» жобасы аясында орталық саябақта кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Домбыра — дастан» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Ата — бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға деген өскелең ұрпақтың қызығушылық сезімін оятып, тарих куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу, жас өрендерді дәстүріміздің ажырамас бөлігі – дәстүрлі музыка өнеріне баулу.
