«Қазағымның қазынасы — домбыра»

1 шілде — ДОМБЫРА КҮНІ

Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы — домбыра.

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазағымның қазынасы — домбыра» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Ата — бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға деген өскелең ұрпақтың қызығушылық сезімін оятып, тарих куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу, жас өрендерді дәстүріміздің ажырамас бөлігі – дәстүрлі музыка өнеріне баулу.