«Домбыра дастан»

1 шілде — ДОМБЫРА КҮНІ

Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы — домбыра.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Домбыра дастан» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Ата — бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға деген өскелең ұрпақтың қызығушылық сезімін оятып, тарих куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу, жас өрендерді дәстүріміздің ажырамас бөлігі – дәстүрлі музыка өнеріне баулу.