1 шілде – ДОМБЫРА КҮНІ
Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы – домбыра.
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Үкілі домбыра» атты өнер сағаты өтті.
Мақсаты: Ата – бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға деген өскелең ұрпақтың қызығушылық сезімін оятып, тарих куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу, жас өрендерді дәстүріміздің ажырамас бөлігі – дәстүрлі музыка өнеріне баулу.