«Астана — Тәуелсіздігіміздің бесігі»

6 ШІЛДЕ — АСТАНА КҮНІ

Астана — Ақордадан алаштың ақпаратын әлемге таратқан қасиетті мекен!

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Астана — Тәуелсіздігіміздің бесігі» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру, деректермен білімін, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, Астана қаласын мақтан тұта білуге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.