«Халық жадында жатталған есім»

Жуалы аудандық орталық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Жуалы ауданыдық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенант Әуесбек Еркебұлан Нұрлыханұлы мен пробация есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен «Халық жадында жатталған есім» атты Шерхантану сағаты өтті. Кеш барысында кітапханашы Аида Тәліпбек «Ай мен Айша» кітабына, Арай Біттібай «Қызыл жебе» кітабына, Жансая Олжабай «Қара маржан» кітабына шолу жасады. Кітапханашылар Жанерке Өмірбекова, Әсел Тасжүрекова, Динара Дадашова, Замира Тұрғанбаева «Бір кем дүние» ойтолғауынан үзінді оқып, Гүлдана Шапенова, Ұлдана Әділбек, Арайлым Керімбаева Шерхан Мұртазаға арналған арнау өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кәріқорған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Алуа Аленованың Ш.Мұртазаның «41 жылғы келіншек» әңгімесінен көрінісі тамашаланды. Кешті кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиева қортындылап, қатысқан оқырмандарды кітап оқуға шақырды.