Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Латын әліпбиі – көне және халықаралық әліпби» атты әңгіме өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Латын әліпбиіне көшу заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін және Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы жан-жақты мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.