2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Бар жақсылық балаларға» атты ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.