«Үйлесімді қарым-қатынас пен бақытты отбасы»

8 қыркүйек – Отбасы күні

3 қыркүйек – «Отбасын жоспарлау»

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Р.Әбделиевтің отбасының қатысуымен «Үйлесімді қарым-қатынас пен бақытты отбасы» атты тәлім сағаты өтті. Кеш барысында №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Ғали Мирас «Жолыққан қандай жақсы», «Бір ел болса» әндерін орындап, №19 Дінмұхаммет Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары отбасы туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Р.Әбделиевтің анасы ұлағатты ұстаз Рахматова Дәнегүл Құралбайқызы сөз кезегінде – ғасырлар бұрын ашылған ғылым жаңалықтарын кейінгі ұрпаққа жеткізіп, оны одан әрі дамуға септігін тигізіп отырған – кітап екенін айтып, оқырмандар сұрағына жауап берді. Кітапханаға «Ұстаздар ұлағаты» атты кітабын сыйға тартты. Балалар кітапханасының кітапханашысы Г.Егеубаева «Отбасының сәні-сыйластық, достың саны-қимастық» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Кешті Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің біріңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Таубалдиева Күләш Алдабергенқызы қорытындылап, балалар кітапханасының кітапханашы Нұрманалиева Нұржанат Нұрмаханқызы қонақтарға сый-сыяпат жасап, алғысын білдірді.

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.