«Тіл бірлігі – ел бірлігі»

5 қыркүйек – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТАРЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тіл бірлігі – ел бірлігі» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіре отырып, тілімізді құрметтеуге, оқушыларды адамгершілікке, рухани, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту.