5 қыркүйек – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТАРЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл елдігіміздің басты белгісі» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіре отырып, тілімізді құрметтеуге, оқушыларды адамгершілікке, рухани, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту.