2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Кітаппен дос бол, кітаптың жомарт беттері» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырды.
Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.