«Лудомания-ұлт кесірі»

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Пернебек №19 Д.Қонаев атындағы орта мектебінің психологы Шынар Есдәулетқызы, 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Лудомания-ұлт кесірі» атты психолог кеңесін ұйымдастырды.

Мақсаты: Жас ұрпақтың қазіргі уақыттағы ойын мәселесі туралы түсінігін қалыптастыру, «Лудомания» ұғымын, оның белгілері мен салдарын қарастыру және ойынға тәуелділікті басқару стратегияларын талқылау, жастарды адамгершілік, қаржылық сауаттылық мәдениетіне тәрбиелеу.