«KitapTime — 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі
«Кітапханашы – XXI ғасыр мамандығы» «Жыл маманы — 2024»
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жүмыс тәжірибесіне жаңа ақпараттық технологиялар мен әдіс-тәсілдер, жаңа кітапханалық жобаларды белсенді енгізіп, өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын мамандарды анықтау, олардың озық тәжірибесін тарату арқылы кітапханалық қауымдастықтың жүмысын жаңғырту мақсатында аудандық, ауылдық кітапханашылар арасында «Кітапханашы – XXI ғасыр мамандығы» «Жыл маманы — 2024» атты аудандық байқауы болып өтті. Байқауға аудандық, ауылдық кітапханалардың жасы 35-ке дейінгі кітапхана қызметкерлері қатысты. Байқау 7 кезең бойынша өтті.
Әділқазылар шешімімен Бас жүлдені Қосбөлтек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Пернебек Гүлвира Сейсеналықызына бұйрса, І орынды цифрландырылған ақпараттық орталықтың әдіскері Шапенова Гүлдана Мақсұтханқызына, ІІ орынды Нұрлыкент ауылдық кітапханасының әдіскері Смайлова Фариза Талдыбекқызы мен Талапты ауылдық кітапханасының әдіскері Нұрғиса Жансая Ергалиқызына
