«Қарты бар үй-қазына бастауы»

1 қазан – Халықаралық Қарттар күні

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасы ауылдың ақ жаулықты анасы Бесбай Райхан апамен «Қарты бар үй-қазына бастауы» атты кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Көпті көрген данагөй қартымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.