“Көп жасаған қария-ақылы теңіз дария”

1 қазан – Халықаралық Қарттар күні

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында ауыл қарияларының қатысуымен “Көп жасаған қария-ақылы теңіз дария” атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл,иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу