«Мейірім шуағы»

10 қазан-Мүгедектігі бар адамдар күні

Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы Жуалы ауданының білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Мейірім шуағы» атты ізгілік сағатын ұйымдастырды. Кеш барысында кітапханашы Замира Тұрғанбаева оқырмандарды қызықты кітаптармен таныстырып, балалардың көңілін көтеру мақсатында сый-сияпатын табыстады.