«Ғибартты ғұмыр»

«ЕЛ БОЛЫП ОҚИМЫЗ» акциясы

Әлдихан Қалдыбаев – Қазақстанның көрнекті жазушысы

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында «Ғибартты ғұмыр» атты әдеби кеш өтті. Кешті кітапхана оқырмандары Мият Айтолқын, Нұрсұлтанқызы Нұрай «Кел досым кітапханаға» әнімен бастап, Жұпарбек Еркежан, Темірбек Айман, Темірбек Шолпан «Қазақ» күйін, Әмірқұл Аташбек «Ерке сылқым» күйін күмбірлетіп орындады. №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары Мұстафа Камила “Бір арқан отын”, Байден Гүлсезім “Су тасушы Әшірбек”, Кемелбек Шұғыла “Шертпек атайдың әңгімесі” атты әңгімелерінен үзінді оқып, кітапханашы Марзия Баққараева “Мен апамның баласымын” атты әңгімесімен әдеби кешті қорытындылады.

Мақсаты: Оқырмандарға Әлдихан Қалдыбаев туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.