25 қазан – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігіміздің, тарихи қауымдастықты түсінуіміздің және республиканың елеулі әлеуетінің белгісі.
Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаса, жайна Қазақстан» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Республика күнінің маңыздылығын көрсету, біздің басты баийлығымыз – қоғамдық келісім мен елдің бірлігін, татулығын нығайту.