«Ұлттық теңге — ел тәуелсіздігінің символы»

15 қараша — ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық теңге — ел тәуелсіздігінің символы» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақты Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру, қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.