15 қараша – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Теңге тәуелсіздік келбеті» атты таным сағатын өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақты Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру, қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.