«Ұлттық теңге мәртебесі»

15 қараша – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық теңге мәртебесі» атты диспут ұйымдастырды.

Мақсаты: Жас ұрпақты Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру, қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.