«Ақ жүрек»

«ЕЛ БОЛЫП ОҚИМЫЗ» акциясы

Үміт Битенова — ақын, жазушы, сазгер, «Құрмет» орденінің иегері.

Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында «Ақ жүрек» атты танымдық кеш өтті. Кеш барысында №22 М.Ломоносов атындағы орта мектебі оқушылары Үміт Битенованың Қуандық Нұрайым «Шәмші аға» өлеңін, Абдурайым Айгерім «Таразым» өлеңін, Еркін Жанайым «Немере назы» өлеңін, Тәжібай Айзере «Ұстазым» өлеңін, Нұржігіт Аруна «Аға» өлеңін, Мұратбай Әмина «Қыс» өлеңін, Рахматулла Гүлім «Жан құрбым» өлеңін мәнерлеп оқып, Сағындық Раяна «Оқуда озат боламын» әнін, «Әже» әнін, Рахматулла Айдана «Ана» әнін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Айнұр Бегалиева «Ақын жүрек» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуғ шақырды.