«Алып тұлғаның әдеби мұрасы»

«Кітап — қазына» жобасы

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің қалыптастырушы, жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты әдеби раритет ұйымдастырды. Кешті №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебі оқушысы Маржан Кенжебек «Балбырауын» күйімен бастап, Сания, Тұрсынхан, Ұлжан Қуантай, Амина Тыныс, Айзере Егемберді «Өтірікке бәйге» өлеңін, Аяжан Мұхамбетжан «Нан» өлеңін, Жансезім Жетпісбай, Мөлдір Ергенбай «Жазғы кеш» өлеңін мәнерлеп оқып, Даяна Орынбай Бейімбет Майлиннің шығармалары туралы ақпарат берді. Аяжан Мұхамбетжан «Менің Қазақстаным» әнін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кітапханашы Гүлсім Жұмаханова «Ұлттың рухани көсемі» атты библиографиялық көрсеткіш, «Қанатты қалам иесі» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Іс шараға қатысқан ауыл тұрғындары, кітапхана оқырмандары кітапхана қызметкерлері дайындаған кітап инсталляциясын тамашалады. Кешті Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің біріңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиева қортындылап, қатысқан оқырмандарды марапаттады.