«Жыл маманы-2024»

«КІТАПХАНАШЫ — XXI ҒАСЫР МАМАНДЫҒЫ» — «ЖЫЛ МАМАНЫ-2024» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен облыстың 85 жылдығына орай Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ауыл кітапханашылары арасында «КІТАПХАНАШЫ — XXI ҒАСЫР МАМАНДЫҒЫ» — «Жыл маманы-2024» облыстық байқауы өтті.

Заманауи жетістіктерге лайықты әдіс-тәсілдермен кітапхана ісін дамытуға қабілетті кітапханашыларды таныту, кітапханашылардың ауыл тұрғындарына бүгінгі күн талабына сай кітапханалық қызмет көрсетудегі біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау, кітапхана ісін дамытуда кітапханашылардың жаңашылдық бастамасына қолдау көрсету, кітапханашының кәсіби дамуын ынталандыру, мамандық беделі мен әлеуметтік мәнін көтеру, кітапхана қызметіне жаңа ақпараттық технологиялар мен әдістерін енгізу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 35 жасқа дейінгі 8 үміткер қатысты.

Байқау шартына сәйкес қатысушылар «Жаңа ой, жаңа қадам, жаңа талап» — Үздік таныстырылым, «Ізденуден талмаған» — Үздік шығармашылық ізденіс, «Үздік виртуалды кітап көрмесі» мен «Шабыт» номинациялары бойынша сыналып, Қосбөлтек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлвира Пернебек жүлделі ІІІ орынды иеленді.