Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы Замира Тұрғанбаева «Қайырымдылық жылы жүректен» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция барысында зейнеткер, кітапхананың тұрақты оқырманы Қайрат Сарыбаевқа азық-түлік апарып, мерзімді басылым беттерімен таныстырды.
