«Публицист, жазушы»

«Кітап — қазына» жобасы

Жуалы ауданы Қошқарата, Рысбек батыр ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен Жуалы ауданы Қошқарата ауылының тумасы жазушы, журналист Талғат Айтбайұлының 70 жасқа толуына орай «Публицист, жазушы» атты әдеби қонақжай өтті. Кеш барысында Қошқарата ауылдық кітапханасының маманы Арай Асанбек жазушының өмір жолы мен шығармашылығын слайд арқылы таныстырып өтті. №20 Жамбыл атындағы орта мектебі оқушылары Балым Жылқыбай, Інжу Амантай, Іңкәр Төлебай, Еңлік Нұрланқызы, Асылай Ұзақбай «Желтоқсан» кітабынан үзінді оқып, №9 Абай атындағы орта мектебі оқушылары Шұғыла Махай «Желтоқсан» монологын оқып, «Қазақ қызы» атты ән орындады. Айару андасбек, Балнұр Андасбек, Сезім Тасқұл, Нұрсая Елтай «Қамажай» биін биледі. Кітапханашы Ұлжан Көкеева «Жазушының жалынды ғұмыры» атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Талғат Айтбайұлы публицист жазушы» атты әдістемелік-библиографиялық құрал, «Қыран қазақ» атты библиографиялық көрсеткіш, кітапхана қызметкерлері дайындаған «Талғат Айтбайұлы 70 жас» атты кітап инсталляциясын тамашалады. Кешті Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің біріңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиева қортындылап, қатысқан оқырмандарды Алғыс хатпен марапаттады.