«Тәуелсіздік бастауы — Желтоқсан»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық мәдениет үйінде Көкбастау ауылдық округінің аналар алқасының төрайымы Қаламқас Жұмасаева, Жуалы ауданының желтоқсан оқиғасының ардагерлері Сарбаев Нұрбек Спатаевич, Нүржігіт Булекбаевтың қатысуымен «Желтоқсан жаңғырығы» атты кездесу кеші өтті. Кітапханашы Гүлвира Пернебек «Тәуелсіздік бастауы — Желтоқсан» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.