16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі №10 Күреңбел орта мектебінде Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерғали Тілеубеков, Желтоқсан оқиғасының ардагері, зейнеткер Нұрғали Есмұратовтың қатысуымен «Тәуелсіз қазақ елі» атты кездесу кеші өтті. Күреңбел ауылдық кітапханасының кітапханашысы Солтыбай Әмина «Желтоқсан құрбандары мәңгі есімізде» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
