«Тәуелсіздік мәңгілік ел мұраты»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық мәдениет үйінде Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерғали Тілеубеков, Желтоқсан оқиғасының ардагері, зейнеткер Нұрғали Есмұратовтың қатысуымен «Тәуелсіздік мәңгілік ел мұраты» атты кездесу кеші өтті. Қоңыртөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Күнімай Айтбаева «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.