Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Поэзия падишасы — Фариза» атты портреттік кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру.
